Бүгін Кәсіподақтар үйінде біздің кәсіподақтың қалалық және аудандық филиалдарының төрағаларына арналған екі күндік көшбасшылық жиыны басталды.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Василий Цымбалюк өз сөзінде жұмыстың аралық қорытындылары мен даму басымдықтары туралы айтып өтті.
Күні бойы кәсіподақ көшбасшылары кәсіподақ жұмысының қыр-сырын талқылап шықты: өйткені, жергілікті жерлерде кәсіподақ саясатын жүзеге асыру олардың міндеті.
Айта кетер жайт, әрбір төрағаға келісу комиссиялары мүшелерінің курстарын ұйымдастыруға арналған нұсқаулық берілді, оның құрамына Жергілікті кәсіподақтың қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Нина Владимировна Суворовамен ұйымдардың түрлері бойынша жауаптарымен жеке-жеке жасалған «Тесттер, тапсырмалар жинағы, хаттамалар мен шешімдер» материалдары енгізілген. Бұл біздің кәсіподақ төрағалары үшін өте жақсы көмек!
Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың өңірдегі үздіктер атағы үшін күресіп жатқан бастауыш кәсіподақ ұйыдарын вертуалды аралау және өз тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігі болды.
Ертең жас көшбасшыларға баса назар аударылады, өйткені оларды «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы – 2021» конкурсының бірінші кезеңі күтіп тұр.
Ол туралы жеке басылым болады!