Тәртіптік жаза қолдану бойынша еңбек даулары

Келісу комиссиясы. Еңбек заңнамасының негіздері.

(Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің ждергілікті кәсіпті одағы» ҚБ ҚБ қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Суворова; байланыс телефоны: 54-10-44, 87051710177)   

 

4 тақырып. Тәртіптік жаза қолдану бойынша еңбек даулары

Жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші мынадай тәртіптік жаза түрлерін қолдануға құқылы (ҚР ЕК 64 б)

  • ескерту
  • сөгіс
  • қатаң сөгіс
  • жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу

ҚР ЕК көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

 

Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасады. Оған еңбек кітапшасына жазба енгізе отырып, ескерту жасалды. Қызметкер қарсылық білдірді.

 

         ҚР Еңбек кодексінің 65 бабына сәйкес:

  1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны жұмыс берушінің актісін шығару арқылы қолданады.
  2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден

жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалады.

Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.

 

Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Қызметкер өзінің функционалдық міндеттерін орындамаған, басшы қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады, қызметкерден түсіндірме хат талап етті. Қызметкер түсiндiрме беруден бас тартқан жағдайда комиссия акт жасайды. Басшы тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығарады. (Барлық әрекеттер бір күн ішінде өтеді).

  1. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана

қолданылуы мүмкін.

  1. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:

1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;

2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан босатылған;

4) жұмыскер іссапарда болған;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде шығарылмайды.

 

Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Қызметкер іссапарда болды, осы кезеңде қызметкердің теріс қылықтары анықталды, ол іссапарға шыққанға дейін жасалған. Жұмыс беруші қызметкер іссапарда болған уақытта тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығарады. Қызметкер келіспейді.

  1. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш

жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады.

  1. Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті.

Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Қызметкер жұмыс

берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен танысқанын өзінің қолымен растаудан бас тартты. Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде қызметкерге актінің көшірмесін жібермеді. Актімен танысу рәсімінің бұзылуына байланысты қызметкер тәртіптік жазаны  жоқ деп есептейді.