Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ алқасының кеңейтілген отырысында бірлестік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар жоспарлы мәселелер қаралды.
Отырысқа қатысушылардың назарына — жергілікті кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысын ұйымдастыру, құқық қорғау жұмысы, кәсіподақ ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, кәсіподақ активін оқыту, іс қағаздарын жүргізу және қаржылық қызмет мәселелері.
Жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы А.С. Бекмағамбетова —Әулиекөл ауданы, И. В. Колыханова Денисов ауданы—, А. М. Ғалиаскарова —Жітіқара ауданы, сондай-ақ — Г.С. Нұрғазина Лисаков қаласы филиалдарының төрайымдары баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданып, жұмыстың одан әрі бағыттары айқындалды.