Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

2020-2021 оқу жылы аяқталды.

Биылғы жылы мейлінше қиын, көп жағдайда болжау мүмкін емес сәттерде, Қостанай облысының білім беру жүйесінде кез-келген қиындықты жеңе алатын пікірлес мамандардың нағыз командасы жұмыс істейтіндігін тағы бір рет дәлелдеді.

Біздің оқушылар мен колледж студенттерінің беделді интеллектуалдық олимпиадалары мен шығармашылық жарыстардағы жарқын жеңістері, жоғары спорттық жетістіктері – сіздердің, құрметті әріптестер, шеберліктеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыздың нәтижесі.

Өз тарапынан Жергілікті кәсіподақ өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметкерлерін қолдау бойынша нақты қадамдар жасауда. Оқу жылының басынан бері 20-дан астам түрлі кәсіподақ жобалары іске асырылды, оның барысында көп балалы отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, еңбек ардагерлеріне және COVID-19 ауруының ауыр түріне шалдыққан кәсіподақ мүшелеріне және т.б. көмек көрсетілді.

Көмек қорын құрудың арқасында біз қиын өмірлік жағдайларға тап болған мұқтаж қызметкерлерге айтарлықтай қолдау көрсетуге мүмкіндік алдық. Мысалы, көктемгі су тасқынынан үйлер мен үй жанындағы учаскелерді су басуына байланысты  Қарасу ауданы мектептерінің қызметкерлеріне 1,4 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Және де нақты атаулы қолдау тұрақты түрде көрсетілетін болады.

Алда жаз мезгілі және демалыстар уақыты келе жатыр. Әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің жаңа нормаларының арқасында білім беру саласының 50-ге жуық санатына ақылы демалыстың ұзақтығын ұлғайтты, бұл демалу және сауықтырудың  одан да көп мүмкіндіктері бар дегенді білдіреді .

Ағымдағы жылы біз аурулардың түрлерін ескере отырып, санаторий-курорттық денсаулық сақтау ісін ұйымдастырып отырмыз, қаңтар айынан бастап 300-ге жуық қызметкер өз денсаулығын түзетті. Бұл көрсеткіш жаз мезгілінде екі есеге артады.

Сондай-ақ, қала сыртындағы жазғы лагерьлер жұмыс жасаған жағдайда, кәсіподақ мүшелері балаларының демалысын қолдау шаралары жүзеге асырылады.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің әрқайсыларыңызға зор денсаулық, амандық, тамаша көңіл-күй және жақсы демалыс тілеймін.

 

Құрметпен,

«Қостанай облысы білім және

ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы

Василий Цымбалюк