Өз мүшелеріне тегін құқықтық қолдау көрсетуге кепілдік береміз!

Тек 2022 жылы ғана келісім комиссиясының механизмі арқылы және сот тәртібімен біздің кәсіподақ мүшелерінің 10 қызметкерінің заңды құқықтары қалпына келтірілді, қаржылық пайдасы 11,2 млн теңгені құрады.

Өткен жылы білім беру ұйымдарының 5 мыңға жуық қызметкеріне құқықтық көмек көрсетілді.

Егер сіз біздің кәсіподақтың мүшесі болсаңыз және заңдық қолдау мен құқықтық қорғауды қажет етсеңіз, Жергілікті кәсіподақтың сенім телефонына, сондай – ақ басқа байланыс арналарына (ақпарат слайдта) хабарласа аласыз.