Қалыптасқан дәстүр бойынша, Бұқаралық ақпарат құралдары  қызметкерлері күні қарсаңында  «Үздік автор – 2022» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Бұл «Учительская плюс» салалық апталығы мен  Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бірлескен жобасы, ол биыл өзінің іске асырыла бастағанына 5 жыл толуын атап өтеді.

Конкурстың қатысушылары –  «Учительская плюс» газетімен белсенді ынтымақтаса жұмыс істейтін, облыстың білім қызметкерлері, жергілікті кәсіподақ мүшелері. Айта кететін жайт, әріптестеріміздің көптеген мақалалары шынымен де қызықты және кәсіби түрде жазылған.

 «Үздік автор» жобасының конкурсы  ең талантты, шығармашылық авторларды бөліп көрсетуге және ынталандыруға бағытталған.

Үздік авторлар кәсіподақ сыйлығымен марапатталып,  Гран-при иегері «Щучинский» санаторийіне жолдамамен марапатталды!

Иегерлер:

АСХАТ АЛТЫБАЕВ –Рудный қ. № 14 НМ мұғалімі– Гран-при

 

ҚЫМБАТ БІРМАНОВА – Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры, Рудный қаласы

 

НИЯЗБЕК ОРАЗОВ – Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Арқалық қаласы

 

ОЛЬГА ТЕРНОВАЯ – Қостанай құрылыс колледжі директорының орынбасары

 

ЛЮБОВЬ ФЕДАС –Костанай филиалының «Өрлеу» БАҰО бас маманы .

Конкурс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге қызықты әрі жақсы ақпараттық жағдайлар, тамаша әңгімелер, сарқылмас шабыт тілейміз!

Ал жобаға – ұзақ өмір, талантты авторлар мен мейірбан оқырмандар тілейміз.