Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ алқасының отырысы шеңберінде Алқаның 2022 жылғы қаулыларын орындау, кәсіподақ бюджетінің сметасын орындау және 2022 жылғы қаржылық есепті бекіту және т. б. мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қаулылар қабылданды.

Сонымен қатар, Алқа отырысында «Кәсіподақтар – сіз үшін, кәсіподақтар-сізбен бірге: қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету» жинағы бекітілді. Бұл Жергілікті кәсіподақ аппараты дайындаған жетінші жинақ.

ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасында тіркеліп және тиісті ISBN нөмірін алынғаннаң кейін, басылым тегін негізінде біздің барлық филиалдар мен бастауыш кәсіподақ бірлестіктері қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Алқа мүшелері «Қорғау» кәсіподағына көшу бойынша білім беру органдары басшыларының тарапынан Жергілікті кәсіподақ мүшелеріне жасалған қысымның жаңару фактілеріне назар аударды.