«Жұлдыз бол» онлайн-конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Жұлдыз бол» онлайн-конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі
  2. Осы ереже «Жұлдыз бол» онлайн-конкурсын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Конкурс).
  3. Конкурс ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі — Кәсіподақ).

 

  1. Конкурстың мақсаты, міндеттері, қатысушылары
  2. Конкурс мақсаты

Вокалдық шығармашылық саласында қабілетті шығармашыл дарынды балаларды айқындау, тарту және қолдау, кәсіподақ мүшелері балаларының музыкалық даму деңгейін арттыру.

  1. Конкурс міндеттері:

— өскелең ұрпақтың көркемдік талғамын, мәдени құндылықтарын қалыптастыру және тәрбиелеу;

— вокалдық өнерге қызығушылықтарын арттыру және кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында таланттарды анықтау

 

  1. Конкурс қатысушылары – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ 6 жастан 18 жасқа дейінгі мүшелері
  2. Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
  3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Конкурсқа байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
  4. Конкурсқа қатысу үшін мүшелік ұйым 2025 жылғы 1 мамыр мен 20 мамыр аралығында электрондық поштаға қажет lprofedu@mail.ru «бейнероликтер конкурсы» деген белгімен Конкурс тақырыбы бойынша өтінім (нысан қоса беріліп отыр) және конкурстық жұмысты (бейнеролик) жібереді.
  5. Конкурсқа әр мүшелік ұйымнан 1 қатысушы жіберіледі.

Қатысушылар конкурсқа бір өлең ұсынады:

Балалық шақ, достық, Отан туралы ән. Нөмірдің ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек. Бейнежазбалар жанды орындаумен, компьютерлік өңдеусіз берілуі тиіс.

  1. Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі кәсіподақтың ресми аккаунттарында ұсынылған бейнероликтер #жергілікті білім беру кәсіподағы, #конкурсжұлдызбол хэштегтерімен орналастырылады.
  2. Конкурстық материалдардың авторлық құқықтарының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты болады.
  3. Конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.

 

  1. Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері:

Конкурсанттарды бағалауда қазылар алқасы мынадай критерийлерді ұстанады:

Вокалдық-музыкалық қырларын (жақсы дауыс, таза айту, ырғақ).

Орындау техникасы: саздылығы,эмоциялығы, мәнерлілігі және т.б.

Музыкалық шығарманың көркемдік интерпретациясы: көркемдік, сахналық образ, сахна мәдениеті.

Репертуарды таңдау (жас ерекшеліктері).

Жеңімпаз ең көп жиналған ұпай саны бойынша анықталады.

 

  1. Қорытындылау
  2. Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы 01 маусымына дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының иегерін айқындайды.
  3. 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитеті «Көрермендер көзайымы сыйлығы» жүлдесіне номинанттар видеосын Кәсіподақтың ресми аккауынтына, Instagram әлеуметтік желісіне орналастырады.
  4. Номинация лауреаты жазылушылардың Instagram әлеуметтік желісіндегі кәсіподақтың ресми аккаунтына дауыс беруі арқылы анықталады.
  5. Конкурс қорытындысы 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі мерзімде жарияланады.
  6. Байқау жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орындар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.

 

1 қосымша

Филиал атауы  
БКҰ атауы  
Қатысушылардың аты-жөні  
Жасы  
Шығарма атауы