Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелері үшін буклет)
Жұмыскер (жүргізуші) өзінің жалақысы туралы нені білу керек.
Жалақы | Жүргізушінің жалақсы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу
|
Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. . Жүргізушінің жалақысы білім деңгейіне де еңбек өтіліне де байланысты емес.
2. Жүргізушінің тарифтік ставкасы ҚР Үкіметінің №1193 қаулысының № 3 қосымшасында айқындалған төртінші разрядқа сәйкес; 3. Жүргізушінің жалақысы бірнеше бөліктен, атап айтқанда тарифтік ставкадан, сондай-ақ үстемеақылардан (ерекше еңбек жағдайлары үшін; сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы) тұрады.
|
1. Жүргізушінің бір айдағы жалақысы коэффицентті базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап) арттыру коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі және:
1) ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы ақы-тарифтік ставканың 10 % ; 2) сыныптығына үстемеақы: — «1 сыныпты жүргізуші» (В, С, Д, Е санаты бар болғанда) – БЛА-дан 35%. — «2 сыныпты жүргізуші» (В, С, Е немесе В, С, Д не Д (Д және Е) санаттары бар болғанда) – БЛА-дан 20%.
|
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
Жалақыдан ұстаулар | Лауазымдарды қоса атқарулар, қоса атқарылатын жұмыстар | Қызмет көрсету аймағын кеңейту | Жүргізушінің жұмыс уақыты және демалыс күндерінің саны |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес жүргізуші қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады. Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – жүргізуші, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – ғимараттарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыскер . Лауазымды қоса атқарғаны үшін тарифтік ставкадан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі. 2.Жүргізуші негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасу арқылы қоса атқарылатын жұмысты істей алады. |
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес үй-жайларды жинаушы қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы; Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы –жүргізуші, қосымша лауазымы –жүргізуші. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы тарифтік ставканың 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі. |
1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жүргізушінің-Жергілікті кәсіподақ мүшесінің апталық жұмыс уақыты – аптасына 36 сағат;
2. Негізгі еңбек дамалысының күні – 30 күнтізбелік күн; 3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақы төленетін еңбек демалысы күндерінің саны-егер қызметкерде оқу жылы ішінде бір де рет еңбекке жарамсыздық парағы болмаса, күнтізбелік 3 күн; 5. Басқа демалыс түрлері Келісіге келісті
|