Жаңа 2023 жыл Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Б. Майлин ауданының филиалында жаңа спорттық жетістіктермен басталды!

Жылдың алғашқы күндерінде Б. Майлин ауданы білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында әлеуметтік әріптес- білім бөлімі басшысының ауыспалы кубогына арналған кәсіподақ спартакиадасы дәстүрлі түрде өткізілді.

Спартакиадаға 16 мектептен, 2 балабақшадан, БЖСМ және білім бөлімінен 20 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 200 – ге жуық.

Жарыс қорытындысы бойынша екінші жыл қатарынан турнирдің бас жүлдесі-білім бөлімі басшысының Кубогын Береговой мектебінің командасы жеңіп алды!

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жарайсыңдар!