«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 174 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің лауазымдық ақысы (тарифтік мөлшерлемелер) лауазымның белгіленген мөлшеріне түзету коэффицентін қолдана отырып айқындалады: біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы) -1,63 мөлшерінде.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысына сәйкес 10-тармақтың 4-қосымшасына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне ғана емес, сондай-ақ әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) педагогтеріне де жүзеге асырылады. Қосымша ақы негізгі жұмыс орны бойынша белгіленеді және нақты жүктемеге байланысты емес. Бұл өзгеріс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.