Жалақының өзгеруі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2021 жылғы 30 наурыздағы № 174 қаулысына сәйкес  2021 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің лауазымдық ақысы (тарифтік мөлшерлемелер) лауазымның белгіленген мөлшеріне түзету коэффицентін қолдана отырып айқындалады: біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы) -1,63 мөлшерінде.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2021 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысына сәйкес  10-тармақтың 4-қосымшасына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне ғана емес, сондай-ақ әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) педагогтеріне де жүзеге асырылады. Қосымша ақы негізгі жұмыс орны бойынша белгіленеді және нақты жүктемеге байланысты емес. Бұл өзгеріс 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.