Жалпы алғанда, мұндай кездесулер әлеуметтік әріптестіктің екі жағына да пайдалы!

Бірінші Қарабалық білім бөлімінің басшысы, әлеуметтік әріптесіміз Дильнара Сапанова құттықтау сөз сөйледі.
Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Василий Цымбалюк жергілікті кәсіподақ қызметінің негізгі басымдықтары мен айтарлықтай қол жеткізген нәтижелері туралы айтып өтті.
Заң клиникасының басшысы Нина Суворова Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің облыс аймақтарындағы еңбекақы төлеу бойынша жүргізген тексерулерінің нәтижелеріне тоқталды.
‼️Әрине, кездесу барысында көптеген сұрақтар болды, біз олардың барлығына мүмкіндігінше жауап беруге тырыстық. Жалпы алғанда, мұндай кездесулер әлеуметтік әріптестіктің екі жағына да пайдалы!