8 наурыз мерекесіне байланысты Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы «Жас және келешегі зор қызметкер» акциясына бастамашы болды, онда  білім беру ұйымында еңбек өтілі үш жылдан кем емес, еңбек жетістіктері бар  45 қыз-келіншектер (29 жасқа дейін) «Жайлау» шипажайында демалыс күндерін өткізу турымен марапатталды.

Кәсіподақтың жас және келешегі зор кәсіподақ мүшелерін қызыққа толы бағдарлама, соның ішінде сауықтыру процедуралары, белсенді демалыс және де …. жағымды тосын сыйлар күтеді, ең бастысы – нәтижелі қарым-қатынас, пікір алмасулардың тамаша мүмкіндігі болады.

Айта кетер жайт, білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының негізгі қағидаты кәсіподақ мүшелерінің жекелеген санаттары үшін барынша нәтиже беретін мақсатты істерді ұйымдастыру болып табылады.

Түрлі  іс-шаралар барысында айқын кәсіби және кәсіподақ жетістіктері бар, айтарлықтай еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталды; еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге, көп балалы аналарға және т.б. қолдау көрсетілді, атаулы көмек алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Жас және келешегі зор» акциясы да нақты нәтиже беріп, кәсіподақ мүшелерінің жастар ортасында тартымдылығын арттыратыны сөзсіз!