Жергілікті кәсіподақтың кеңейтілген алқасы: жазғы демалыс, құқықтық қорғау, қаржы…

ℹ️ Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде жазғы демалысты ұйымдастырудың, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғалуының жай-күйінің, қаржылық қызметтің, кәсіподақ бірлестігінің қызметін ақпараттық ілгерілетудің және т. б. жоспарлы мәселелері қаралды.
ℹ️ Арқалық қаласы (Белкин А.Б.), Жітіқара ауданы (Галиаскарова А. М.), облыстық деңгейдегі білім беру ұйымдарының (Баймаканова А. Ж.) филиалдарының төрағалары жергілікті жерлердегі кәсіподақ жұмысының қорытындылары туралы есеп берді.
ℹ️ Сондай-ақ, алқа отырысында жергілікті білім беру кәсіподағының «Кәсіподақ сенімі» төсбелгісінің ережесі бекітілді.
ℹ️ Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.