Келісу комиссиясы. Еңбек заңнамасының негіздері.
(Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің ждергілікті кәсіпті одағы» ҚБ ҚБ қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Суворова; байланыс телефоны: 54-10-44, 87051710177)
8 тақырып. Материалдық жауапкершілік туралы шарттарын жасасу кезіндегі еңбек даулары
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 123 бабының 7 тармағына сәйкес жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін лауазымдар тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 6,21 т келісті жұмыскерлерге берілген мүліктің және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуі үшін толық жеке материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесіне мына қызметкерлер кіреді:
– білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;
– шаруашылық меңгерушісі;
-кассир;
-экспедитор;
-қойма меңгерушісі;
– қоймашы;
– аға шебері;
– кітапхана меңгерушісі (кітапханашы);
– медбике
– кастелянша;
– жатақхана меңгерушісі;
– бас аспазшы;
– комендант;
– жүргізуші.
Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Жұмыс беруші мұғалімді материалды-жауапты тұлға ретінде белілейді (мысалы: колледж оқытушысы, балабақша тәрбиешісі). Қызметкерлер бұл лауазымға қарсы.
Яғни, мұғалім материалды-жауапты тұлға бол алмайды.