Кәсіподақ мықты жастар белсенділерінсіз толық дами алмайды.
ҚР кәсіподақ федерациясының 2021-2025 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасын іске асыру аясында білім берудің жергілікті кәсіподағымен «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы-2021» атты конкурсы өткізілді – оған біздің облысымыздың түрлі қалалары мен аудандарынан жас белсенділер қатысып, жарыс барысында көшбасшының нақты қасиеттері: бастамашылық пен тіл табысушылық, табандылық пен сауаттылық, өзі идеялармен «жану» және басқаларды да «жандыру» қабілетін көрсетті.
Бірақ конкурстың аты – конкурс, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
1 орын және «Қазақстан» санаторийіне жолдаманы Қарасу ауданы Целинный мектебі, Алия Жансүгірова.
2 орын және «Мерке» санаторийіне жолдаманы -Сарыкөл ауданы Крылов мектебі Виктория Астафьева
3 орын және «Жайлау» санаторийіне жолдаманы Қостанай қаласы № 14 мектебі Анастасия Лукьянова жеңіп алды.
Жас белсенділерді жеңістермен құттықтаймыз және оларға сәттілік, жаңа шығармашылық идеялар мен олардың табысты іске асырылуын тілейміз!