Кәсіподақ мықты жастар белсенділерінсіз толық дами алмайды.

ҚР кәсіподақ федерациясының 2021-2025 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасын іске асыру аясында білім берудің жергілікті кәсіподағымен «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы-2021» атты конкурсы өткізілді – оған біздің облысымыздың түрлі қалалары мен аудандарынан жас белсенділер қатысып, жарыс барысында көшбасшының нақты қасиеттері: бастамашылық пен тіл табысушылық, табандылық пен сауаттылық, өзі идеялармен «жану» және басқаларды да «жандыру» қабілетін  көрсетті.

 Бірақ конкурстың аты – конкурс, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

1 орын және «Қазақстан» санаторийіне жолдаманы Қарасу ауданы Целинный мектебі, Алия Жансүгірова.

2 орын және «Мерке» санаторийіне жолдаманы -Сарыкөл ауданы Крылов мектебі Виктория Астафьева

3 орын және «Жайлау» санаторийіне жолдаманы Қостанай қаласы № 14 мектебі Анастасия Лукьянова жеңіп алды.

Жас белсенділерді жеңістермен құттықтаймыз және оларға сәттілік, жаңа шығармашылық идеялар мен олардың табысты іске асырылуын тілейміз!