Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа Жылды қарсы алу дегеніміз-бұл әрқашан жақсы естеліктер мен жарқын үміттер, жағымды әрекеттер және жақындарымызды қуантуға деген шынайы ниет білдіру.
Бірақ алдымен ежелгі дәстүр бойынша біз ескі жылды шығарып салу керекпіз.
2024 жылға шын жүректен алғыс білдіргім келеді! Әрине, уайымдар мен алаңдаушылықтар болды, бірақ жалпы біздің кәсіподақ бірлестігі үшін өткен жыл нәтижелі және табысты жыл болды.
Жылдың маңызды жетістіктерінің бірі-2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісімге қол қою, оның ішінде біздің кәсіподақ мүшелеріне қаржылық жағынан тиімді 80-ге жуық бірегей жаңа енгізілімдердің болуы.
Денсаулық сақтау эгидасымен өткен 2024 жыл демалыспен және сауықтырумен қамтылған кәсіподақ мүшелерінің үлесі олардың жалпы санының 5% – на дейін ұлғайды, бес жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 0,3% -ды құраған еді.
Өтіп бара жатқан жыл «Мейірім» көмек қорын ашу туралы жалпы шешіміміздің дұрыстығын тағы да дәлелдеді. Қордың мүмкіндіктерінің арқасында көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен кәсіподақтың 350 мүшесіне жалпы сомасы 20 млн теңгеге шұғыл қолдау көрсетілді.
Біз жыл бойы сенімді түрде жүріп, тұрақты жұмыс істедік. Біздің бірлестік ірі мүшелік ұйымдармен кеңейді. Біз даму жолында маңызды қадамдар жасадық, ортақ жетістіктермен мақтандық және қуандық.
Елбасы Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған 2025 жыл маңызды әрі тиімді болмақ! Біз техникалық және қызмет көрсету персоналының жұмыскерлеріне ерекше назар аударамыз және тұтастай алғанда нақты тәсілді жүзеге асырамыз және кәсіподақтың әрбір мүшесіне жетуге тырысамыз!
Құрметті достар!
Сіздерге шын жүректен денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін! Әр шаңырақта құт –береке орнасын! Балаларыңыз бен немерелеріңіз сіздерді қуанта берсін! Жақын да, жанашыр адамдарыңыз әрқашан жандарыңызда қолдап жүрсін!
Келер жыл баршамызға баянды бақыт, жаңа жетістіктер мен сәттілік, бірлік әкелсін!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Василий Цымбалюк