Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (жатақхана меңгерушісі, қойма меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
| Жалақы | Меңгерушінің лауазымдық жалақысы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
| 1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Меңгерушінің жалақысы білім деңгейіне байланысты емес, еңбек өтіліне байланысты.
2. Меңгерушінің лауазымдық ақысы С-3 блогі бойынша белгіленеді (ҚР БҒМ «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығы); 3. Меңгерушінің жалақысы жалақы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда лауазымдық ақыдан, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылардан тұрады. |
1. Меңгерушінің бір айдағы жалақысы коэффицентті базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап) арттыру коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі және
1). ерекше еңбек жағдайлары үшін -тарифтік ставкадан 10 % үстемеақы |
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті. |
| Жалақыдан ұстаулар | Лауазымдарды қоса атқару | Қоса атқарылатын жұмыс | Меңгерушінің жұмыс уақыты және демалыс күндері |
| 1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес меңгеруші қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады. Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы –меңгеруші, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – үй-жайларды жинаушы. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы тарифтік ставкадан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
|
Жатақхана меңгерушісі, қойма меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасумен қоса атқарылатын жұмысты істей алады. | 1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жергілікті кәсіподақ мүшелері-шаруашылық меңгерушісі, қойма меңгерушісі үшін апталық жұмыс уақыты-аптасына 36 сағатты құрайды;
жатақхана меңгерушісі үшін — аптасына 40 сағат; 2. Негізгі еңбек демалысы күндерінің саны-30 күнтізбелік күн; 3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны: -3 күнтізбелік күн, егер қызметкер оқу жылы ішінде бір рет те еңбекке жарамсыздық парағы болмаса; 4. Келісімге сәйкес демалыстың басқа түрлері. |
