Құрметті педагогтер, педагогикалық еңбек арагерлері!
Баршаңызды ұстаздар күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке жалпыхалықтық болып саналады, себебі, біздің әрқайсымызды шабыттандырған, қолдаған, қиын сәтте жақын болып, өмірде жол табуға көмек берген ұстаздарымыз болған және де бар.
Әр адам-жұмысшы немесе ғалым, диқаншы немесе министр болсын – олардың барлығы ұстаздан бастау алғандар. Жазушы өз кітаптарында, суретші өз суреттерінде өмір сүреді, ал ұстаз шәкірттерінің жүрегі мен тағдырында өмір сүруді жалғастырады, -деп текке айтпаған.
Бүгін мен барлық ұстаздарға даналық пен білім, шыдамдылық пен адалдық, қоғамдық танымалдылыққа лайық қажырлы, рухтандырылған еңбектері үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Жергілікті білім беру кәсіподағы жаңадан құрған «Мерей» жыл премиясы саланың дамуына елеулі үлес қосқан, қоғамда және кәсіби ортада танымал педагогтарды атап өтуге арналған. Осы мереке күндері облыстың барлық өңірлерінде сыйлықтың алғашқы лауреаттары атап өтіледі. Бұл үздіктердің үздіктерін біріктіретін және шеберліктің жаңа шыңдарына шабыттандыратын жақсы кәсіподақ дәстүріне айналатынына сенімдімін.
Қостанай облысы әрқашан мықты педагогтарымен және нәтижелі оқушыларымен танымал. Біздің Жергілікті білім беру кәсіподағының міндеті-сіздердің, құрметті ұстаздар, еңбектеріңіздің әр күні табысты болуын қамтамасыз ету.
Ол үшін біз жаңа әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді жасаймыз, заң көмегін береміз, демалу мен сауықтыруды тиімді ұйымдастырамыз, материалдық қолдау көрсетеміз. Мәселен, «Мейірім» кәсіподақ қоры арқылы ғана жалпы сомасы 55 млн теңгеге 760 аса мұқтаж кәсіподақ мүшелері көмек алды. Және бұл жұмыс жалғасады.
Құрметті әріптестер! Осы мерекеге орай сіздерге және сіздердің білім алушыларыңызға зор денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Олардың жетістіктері мен жеңістері сіздердің маңызды еңбектеріңіздің көрсеткіші.
Мерекелеріңізбен! Ұстаздар күнімен!
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Василий Цымбалюк