Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (арнайы педагог –ПМПК және ППТК-нің дефектолог мұғалімі, дефектологі, логопед- мұғалімі, логопеді, олигофренопедагогі, сурдопедагогі, тифлопедагогі) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Арнайы педагогтің лауазымдық жалақысы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты | Арнайы педагогке берілуі мүмкін қосымша ақылар мен үстемеақылар | Егер арнайы педагог уақытша жұмыста жоқ жұмыскердің міндеттерін атқарса (арнайы педагог) |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Арнайы педагогтің лауазымдық ақысы
— біліктілікке -еңбек өтіліне байланысты. 2. Арнайы педагогтің жалақысы бірнеше бөліктен, атап айтқанда лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арттырулардан, қосымшалардан, және үстемеақылардан тұрады (біліктілік санаты үшін, ерекше білім берілу қажетілігі бар балалармен жұмысы үшін және т.б. қосымша ақылар).
|
1) Біліктілік санат үшін қосымша ақы:
– педагог- шебер — ЛА-дан 50 % (ЛА-лауазымдық ақы); — педагог-зерттеуші — ЛА-дан 40 %; — педагог-сарапшы — ЛА-дан 35 %; — педагог-модератор — ЛА-дан 30 %; 2) Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы — ЛА-дан 25% ; 3) Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы – ЛА-дан 10% ; — 4) ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін қосымша ақы — БЛА-дан 40 % (БЛА=17697);
|
Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін орындалған жұмыстардың нақты көлеміне қарай 100%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төлем жүзеге асырылады. |
Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау | Жалақыдан ұстаулар
|
Қоса атқарылатын жұмыс | Арнайы педагогтің жұмыс уақыты және демалыс күндерінің саны |
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
1. Арнайы педагог сондай-ақ негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасумен қоса атқарылатын жұмысты істей алады
|
1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жергілікті кәсіподақ мүшелері- арнайы педагог үшін апталық жұмыс уақыты-аптасына 18 сағатты құрайды;
2. Негізгі еңбек демалысы күндерінің саны-56 күнтізбелік күн; 3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны-3 күнтізбелік күн, егер қызметкерде оқу жылы ішінде бір рет те еңбекке жарамсыздық парағы болмаса; 4. Келісімге сәйкес демалыстың басқа түрлері.
|