Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелері үшін буклет)
«Жұмыскер (білім беру ұйымының басшысы) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Басшының лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақы төлеу мерзімдері, жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Басшының лауазымдық ақысы
— біліктілікке — еңбек өтіліне байланысты. Басшының жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда лауазымдық жалақы, сондай-ақ арттырулар, қосымша ақы мен үстемеақылар (біліктілік санаты үшін және басқалар).
|
1. Басшының жалақысы айлық лауазымдық жалақыға және арттыруларға, қосымша ақыға және үстемеақыға байланысты есептеледі.
|
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді;
2. 2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
Жалақыдан ұстаулар | Арттырулар, қосымша ақылар мен үстемеақылар | Лауазымдарды қоса атқарулар, қоса атқарылатын жұмыстар
|
Педагогтың лауазымды қоса атқару жұмысы кезінде шекті оқу жүктемесі |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.
|
1. Ауылдық жердегі жұмыс үшін арттырылған үстмақы;
2. Біліктілік санаты үшін қосымша ақы; 3. Ерекше еңбек жағдайы үшін үстемеақы; 4. Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 2 және одан көп сыныптары (топтары) болған кезде); 5. Жетім балалармен жұмысы үшін (жетім балаларға арналған ұйымдарда).
|
1.Ұйым басшысына лауазымдарды қоса атқару тыйым салынады;
2.Қосымша жұмыс тек қоса атқарылатын жұмыс жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
. |
1. Басшыға басқару органының (білім басқармасы, аудандық және қалалық білім бөлімдері) келісімі бойынша нормативтік жүктеменің 50% — дан аспайтын шегінде қоса атқарылатын жұмыс шарттарында қосымша педагогикалық жұмыс берілуі мүмкін. Өндірістік қажеттілікке байланысты (оқу жосапарын іске асыру, педагогтың уақытша болмауы) 50%-дан асатын жүктемеге жол берілуі мүмкін.
Көрсетілген қосымша педагогикалық жүктеме, егер осы ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер жалақының кемінде бір ставкасы көлемінде оқу жүктемесімен қамтамасыз етілген жағдайда ғана басшы қызметкерлерге беріледі
|