«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Василий
#Цымбалюк бастаған делегация 7–9 қазан күндері Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан «Өзгермелі еңбек әлеміндегі білім беру кәсіподағы: болжау, инновацияларды енгізу, әрекет ету» атты халықаралық семинарға қатысуда.
Іс-шараны Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Халықаралық оқу орталығы ХЕҰ-ның еңбекшілер қызметі жөніндегі бюросымен (ACTRAV) бірлесіп, Өзбекстан кәсіподақтары федерациясының серіктестігімен ұйымдастырды.
Семинар Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің кәсіподақ өкілдерін тәжірибе алмасу және кәсіподақтық білім берудің жаңа тәсілдерін талқылау мақсатында біріктірді.
Басты назар кәсіподақ белсенділерін оқытудың заманауи әдістеріне, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке, еңбек құқықтарын қорғауға, халықаралық еңбек стандарттарын қолдануға және әлеуметтік диалогты дамытуға аударылуда.
Практикалық жұмысқа ерекше мән берілуде: қатысушылар білім беру бастамаларын әзірлеп, оларды жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылауда.
Семинар барысында алынған жаңа білім, тәжірибе мен тың идеялар кәсіподақ жұмысында іс жүзінде қолданылып, кәсіподақ белсенділерін білімін жетілдіруге ықпал етеді және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосымша серпін береді.