Колледж оқытушысы

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)

«Жұмыскер (колледж оқытушысы) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»

 

Жалақы Оқытушының лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты Жалақыны есептеу, соның ішінде каникул күндері

 

Сағаттық төлем
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;

2. Педагогтардың жалақысын төлеу үшін жұмыс уақыты астрономиялық сағатпен есептеледі (1 астрономиялық сағат 60 минутқа тең), бұл ретте педагог нақты 45 минут жұмыс істейді. Сабақтар (дәрістер) арасында көзделген үзілістер (қоңыраулар) педагогтың жұмыс уақыты болып табылады (яғни мұғалім үзіліс үшін жалақы алады).

3. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

 

 

 

 

 

 

1. Оқытушының лауазымдық ақысы

—  біліктілікке

—  еңбек өтіліне

— жұмыскердің оқу жүктемесіне

аптасына 18 сағат, ҚР «Педагог мәртебес туралы» Заңында көзделген аптадалық нормативтік жүктемесіне байланысты.

Оқытушының жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда нақты апталық оқу жүктемесімен анықталатын  лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арттырулар, қосымша ақы мен үстемеақылар (біліктілік санаты үшін қосымша ақылар, дәптер тексергені үшін, топ жетекшілігі үшін және басқалар).

 

 

1.  Оқытушының бір айдағы жалақысы педагогтің сағатына тарифтік жүктемесінің, оның белгіленген жылдық жүктеме көлеміне көбейту жолымен және шыққан нәтижені 10  оқу айына бөлу арқылы және арттырулар, қосымша ақы және үстемеақылармен есептеледі.

Сағатына тарифтік ставка айындағы тарифтік ставканы оқу жүктемесінің орташа айлық нормасына бөлу жолымен анықталады (нормативтік жүктеме – аптасына 18 сағат) ;

2. Айына белгіленген орташа жалақы педагогке кезекті демалыс күндерін қоспағанда, оқу жылы ішінде (яғни каникул уақытында) жұмыс істегені үшін есептеледі.

 

1. Сырқаттану немесе басқа да себептер бойынша уақытша болмаған оқытушының міндеттерін қатарынан екі айдан аспайтын мерзімде орындау кезінде оқу сағаттары үшін сағаттық ақы төлеуге жол беріледі;

2.  Сағаттық төлем каникул кезінде жүргізілмейді;

3. Егер уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан астам уақытқа созылса, онда педагогтің жалақысын есептеу нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін алмастыру басталған күннен бастап жалпы тәртіппен жүргізіледі.

 

Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау Жазғы демалыс уақытында оқытушы жұмысқа орналасқан жағдайдағы жалақысы

 

Жалақыдан ұстаулар Оқу жүктемесіне тәуелді және оқу жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстемеақылар
Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.

2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

 

1. Жазғы каникул кезінде оқытушы ретінде жұмысқа қабылданған адамдарға оқу жылы басталғанға дейінгі кезеңдегі айлық жалақы олардың біліктілік санаттары, білім деңгейі мен өтілі ескеріле отырып айқындалатын тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық ақы) есебінен, яғни апталық оқу жүктемесінің 18 сағаты есебінен есептеледі.

 

 

1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;

2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады.

3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі;

4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай:

іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы;

5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.

1. Апталық оқу жүктемесіне байланысты қосымша ақылар мен үстеме ақылар:

1). Біліктілік санат үшін қосымша ақы;

2).Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы;

3).Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақылар төлеу;

2. Нақты жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстеме ақылар (базалық лауазымдық ақыдан БЛА пайызбен белгіленген, мөлшері 17697 теңге ):

1). Сынып жетекшілігі үшін ;

2). Дәптер тексергені үшін;

3).Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін;

4).ішкі спорттық іс-шараны жүргізгені үшін;

5).Кабинет меңгерушісі үшін