Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (мектеп мұғалімі) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Мұғалімнің лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты | Мұғалімнің жалақысын есептеу, соның ішінде каникул күндері | Сағаттық төлем |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Педагогтардың жалақысын төлеу үшін жұмыс уақыты астрономиялық сағатпен есептеледі (1 астрономиялық сағат 60 минутқа тең), бұл ретте педагог нақты 40-45 минут жұмыс істейді. Сабақтар (дәрістер) арасында көзделген үзілістер (қоңыраулар) педагогтың жұмыс уақыты болып табылады (яғни мұғалім үзіліс үшін жалақы алады). 3. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Мұғалімнің лауазымдық ақысы
— біліктілікке — еңбек өтіліне -жұмыскердің тарифтеуде белгіленген оқу жүктемесіне — аптасына 16 сағат, ҚР «Педагог мәртебес туралы» Заңында көзделген аптадалық нормативтік жүктемесіне байланысты. Педагогтің жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда нақты апталық оқу жүктемесімен анықталатын лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арттырулар, қосымша ақы мен үстемеақылар (біліктілік санаты үшін қосымша ақылар, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін, магистр дәрежесі үшін және басқалар).
|
Мұғалімнің бір айдағы жалақысы лауазымдық жалақыны олардың аптадағы нақты жүктемесіне көбейту және алынған нәтижені апталық нормативтік оқу жүктемесіне бөлу арқылы (нормативтік жүктеме – аптасына 16 сағат) және арттырулар, қосымша ақы және үстемеақылар есептеледі.
2. Тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақысы тарифтеудің әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты болып қалады. 3. Оқу тоқсандары арасындағы және оқу жылы басталғанға дейінгі каникул кезінде жалақы нақты жүктемені ескере отырып, каникул басталғанға дейінгі тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы есебінен есептеледі.
|
1.Сырқаттану немесе басқа да себептер бойынша уақытша болмаған оқытушының міндеттерін қатарынан екі айдан аспайтын мерзімде орындау кезінде оқу сағаттары үшін сағаттық ақы төлеуге жол беріледі;
2. Сағаттық төлем каникул кезінде жүргізілмейді; 3. Егер уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан астам уақытқа созылса, онда педагогтің жалақысын есептеу нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін алмастыру басталған күннен бастап жалпы тәртіппен жүргізіледі.
|
Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау | Жазғы демалыс уақытында мұғалімнің жұмысқа орналасқан жағдайдағы жалақысы | Жалақыдан ұстаулар
|
Оқу жүктемесіне тәуелді және оқу жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстемеақылар |
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
1. Жазғы каникул кезінде мұғалім ретінде жұмысқа қабылданған адамдарға оқу жылы басталғанға дейінгі кезеңдегі айлық жалақы олардың біліктілік санаттары, білім деңгейі мен өтілі ескеріле отырып айқындалатын тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық ақы) есебінен, яғни апталық оқу жүктемесінің 16 сағат есебінен есептеледі.
|
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
1. Апталық оқу жүктемесіне байланысты қосымша ақылар мен үстеме ақылар:
1). Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу бағдарламаларын іске асырғаны үшін қосымша ақы 2) Біліктілік санат үшін қосымша ақы; 3).Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы; 4).Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақылар төлеу; 2. Нақты жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстеме ақылар (базалық лауазымдық ақыдан БЛА пайызбен белгіленген, мөлшері 17697 теңге ): 1). Сынып жетекшілігі үшін ; 2). Дәптер тексергені үшін; 3).Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін; 4). Тәлімгерлік үшін; 5) Сабақтан тыс спорттық іс-шараны жүргізгені үшін; 6).Кабинет меңгерушісі үшін 7). Пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін 3. Магистр дәрежес үшін қосымша ақы – 10 АЕК (МРП -айлық есептік көрсеткіш) |