Құрметті Қостанай облысы білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздердің әрқайсыларыңызды көптен күткен жақсылық пен үміт мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл ежелден келе жатқан және мәңгілік жас Наурыз мерекесі бізге ұзақ қыстан кейін көктемгі күннің алғашқы шуағын шашып, жарқын сезімдерді оятып, жаңа өмір мен еңбек жетістіктерін шабыттандыратын мейрам болып табылады.
Наурыз мейрамында біз дәстүр бойынша отбасымызбен және жақындарымызбен кең дастархан басында жиналамыз, бір-бірімізге сыйлықтар береміз, барлық өкпе-реніштерімізді кешіреміз, денсаулық пен молшылық, бейбітшілік пен келісім тілей отырып, болашаққа жоспар құрамыз. Өйткені, Наурыз – бұл жаңару уақыты. Біздің кәсіподақ бірлестігі де бүгінгі күннің шындығына сәйкес жаңартылуда.
Мәселен, 2024-2026 жылдарға арналған келісімге алдыңғы редакциямен салыстырғанда біздің кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайларын жақсартатын 78 жаңа норма енгізілген. 80-нен астам лауазым атауына аптасына жұмыс уақытының қысқа мерзімін белгіледі. Қызметкерлердің 70-ке жуық санатына ақылы демалыстың ұзақтығы ұлғайтты, яғни демалу мен сауықтыру үшін одан да көп мүмкіндіктер пайда болды.
Айтпақшы, 2024 жылдың басынан бастап санаторий демалысы мен экскурсиялық туризмнің кәсіподақ бағдарламалары аясында Жергілікті кәсіподақтың 130-ға жуық кәсіподақ мүшесі денсаулықтарын жақсартты.
Атаулы қолдау көрсету бойынша, оның ішінде «Мейірім» қоры арқылы жұмыстар күшейтілуде. Оның қызмет ету кезеңінде кәсіподақтың 230 аса мұқтаж мүшесі жалпы сомасы 23 млн теңгеден астам қаржылай көмек алды.
Біз тек мықты, біртұтас кәсіподақ ретінде тұғырымызды нығайта түсеміз!
Құрметті әріптестер!
Осы мереке күні Сіздерге үміттер мен тілектердің орындалуын тілеймін! Барлық жамандықтар артта қалып, жақсылықтар көбейсін! Сіздердің туыстарыңыз бен жақындарыңыз аман-сау болып, шаңырақ бақытқа, махаббат пен үйлесімділікке толы болсын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз құтты болсын!
Құрметпен
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
Василий Цымбалюк