Ағымдағы жылы «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес Жергілікті кәсіподақ аппараты еңбек қатынастары, еңбек заңнамасы нормаларының орындалуы мен сақталуы, әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің ережелері және т. б. мәселелер бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді.
Бүгін қоғамдық бақылау тобы Қостанай ауданының Майкөл мектебінде жұмыс істеді.
Жалпы қорытынды-қоғамдық бақылау сәтті өтті!
Бастауыш кәсіподақ ұйымын құттықтаймыз және мектеп басшысы Берік Бейсембекұлы Масақбаевқа мықты әлеуметтік әріптестігі үшін алғыс айтамыз!