Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (қосымша білім беру ұйымдарының қосымша білім беру педагогі) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Қосымша білім беру педагогінің лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты
|
Жалақыны есептеу | Сағаттық төлем |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Қосымша білім беру педагогінің лауазымдық ақысы
— біліктілікке — еңбек өтіліне — жұмыскердің оқу жүктемесіне — аптасына 18 сағат, ҚР «Педагог мәртебес туралы» Заңында көзделген аптадалық нормативтік жүктемесіне байланысты. Педагогтің жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда нақты апталық оқу жүктемесімен анықталатын лауазымдық жалақы, сондай-ақ арттырулар, қосымша ақы мен үстемеақылар (біліктілік санаты үшін қосымша ақылар және басқалар).
|
1. Педагогтің бір айдағы жалақысы лауазымдық жалақыны олардың аптадағы нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені нормативтік оқу жүктемесіне бөлу арқылы (нормативтік жүктеме -аптасына 18 сағат) және арттырулар, қосымша ақы үстемеақылармен есептеледі.
|
1. Сырқаттану немесе басқа да себептер бойынша уақытша болмаған педагогтің міндеттерін қатарынан екі айдан аспайтын мерзімде орындау кезінде оқу сағаттары үшін сағаттық ақы төлеуге жол беріледі;
2. Егер уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан астам уақытқа созылса, онда педагогтің жалақысын есептеу нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін алмастыру басталған күннен бастап жалпы тәртіппен жүргізіледі.
|
Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау | Жалақыдан ұстаулар | Оқу жүктемесіне тәуелді және оқу жүктемеге тәуелді емес қосымша ақылар мен үстемеақылар | Лауазымдарды қоса атқару |
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.
|
1. Апталық оқу жүктемесіне тәуелді қосымша ақылар мен үстеме ақылар:
1). Біліктілік санат үшін қосымша ақы; 2).Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы; 3).Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақылар төлеу; 2. Апталық оқу жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстеме ақылар (базалық лауазымдық ақыдан БЛА пайызбен белгіленген, мөлшері 17697 теңге ): 1). Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін;
|
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес өндірістік оқыту шебері қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады. Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – қосымша білім беру педагогі, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – аудармашы. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы лауазымдық жалақысының 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
|