Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін тұлға. Осындай қасиетті жолды өмірлік мұрат еткен жанның бірі –
#Жұмағұлов Серік Сарыұлы. Оның адал еңбегі мен шәкіртке деген сүйіспеншілігі бүгінде тұтас педагогикалық әулетті қалыптастырды. Серік Сарыұлы 1947 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң еңбек жолын бастап, кейін академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін тәмамдады. 1975 жылдан бастап ұстаздық қызметке араласып, химия-биология пәндерінен сабақ берді.
Әр жылдары мұғалім, директордың орынбасары, мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарды. Әкеміз үшін ұстаздық – жай мамандық емес, өмірлік парыз болды. Ол әрдайым білім мен тәрбиені бірінші орынға қойып, шәкірт алдындағы жауапкершілікті жоғары бағалады. Оның еңбекқорлығы мен адалдығы бізге үлгі болды. Бала күнімде Амангелді орта мектебіндегі химия пәні семинарына қатысқаным әлі есімде. Ұстаздардың тағылымды әңгімесі мен әкемнің ел алдындағы абыройы менің жүрегімде ұстаздыққа деген құрмет оятты. Сол сәттен бастап «мен де ұстаз боламын» деген арман қалыптасты.
Көп жыл бірге қызмет атқарған ізбасары Қалиев Жұмабек Жаңбыршыұлы кейін Кемер негізгі мектебінің директоры болды. Сондай-ақ шәкірттері Әбдуахитов Әділхан Әбдіғаламұлы, Дауғарина Жеңісгүл Сайлаубековна, Төлеуова Алтын сынды азаматтар мектеп басқарып, ұстаздық жолды жалғастырып келеді. Бұл – әкеміздің еңбегі мен тәрбиесінің өміршеңдігінің айқын дәлелі.
Серік Сарыұлы Жұмағұлов ұзақ жылғы еңбегі жоғары бағаланып, 1995 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Есімі екі рет Торғай облысының «Құрмет» тақтасына жазылып, Москва қаласындағы «Труд» газетінің «Құрмет» грамотасына ие болды. 44 жылдық ұстаздық еңбектен кейін 2012 жылы зейнеткерлікке шықты.
Ардагер ұстаз жайлы жергілікті басылымдарда да мақалалар жарық көрді. «Амангелді арайы» газетінде С.Сығайдың «Адалдықтан аттамау – парыз» және Г.Смайлованың «Ұстаздар династиясы» атты сұхбат мақалалары жарияланып, оның өнегелі өмір жолы көпшілікке үлгі болды.
Серік Сарыұлынын балалары да елге қызмет етіп, әр салада жетістікке жеткен.
•Берік – ветеринария саласының маманы, қазіргі таңда Амангелді аудандық аумақтық инспекциясында қызмет атқарады. Зайыбы Сания Қаленқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, білім саласындағы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған, 30 жыл еңбек өтілі.
•Толғанай – биология, география және химия пәндерінің ұстазы. 33 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі педагог. (Жетістіктері: Арқалық қалалық білім бөлімінің Мадақтама грамотасы, Білім бөлімінің Мадақтама грамотасы, Арқалық қаласы әкімдігінің Құрмет грамотасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы).
•Гүлшат – химия және биология пәндерінің мұғалімі, Қостанай қаласындағы №45 мектепте қызмет етеді, 27 жыл еңбек өтілі. (Жетістіктері: «Жылдың үздік мұғалімі», «Үздік жыл кураторы», SOS «Детская деревня Астана» Алғыс хаты, «Үздік ашық сабақ», «Актер ұстаз» номинациялары, 2018 ж. кәсіби даму сертификаты, Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаты, «Астана – 20 жыл» мерейтойлық Алғыс хаты).
•Шарбат – бастауыш сынып мұғалімі, 29 жыл еңбек өтілі бар ұстаз. (Жетістіктері: KIVA бағдарламасы сертификаты, «Оқу үдерісі және ЖИ» бағдарламасы куәлігі).
•Ерсін – тарих пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі – 19 жыл. (Жетістіктері: «Үздік әлеуметтік педагог» І орын, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, «Яссауитану» байқауына шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат, білім саласындағы еңбегі үшін Құрмет грамотасы).
Педагогикалық әулеттің жалпы еңбек өтілі 182 жыл.