Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (тәрбиеші көмекшісі) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Тәрбиеші көмекшісінің лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Тәрбиеші көмекшісінің жалақысы білім деңгейіне байланысты емес, тек еңбек өтіліне байланысты болады.
2. Тәрбиеші көмекшісінің лауазымдық ақысы Д блогі бойынша белгіленеді (ҚР БҒМ «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығы); 3. Тәбиеші көмекшісінің жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда лауазымдық жалақы, сондай-ақ қосымша ақы мен үстемеақылардан (ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы, дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істегені үшін қосымша ақы және басқалар) тұрады.
|
1.Тәрбиеші көмекшісінің бір айдағы жалақысы коэффицентті базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап) арттыру коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі және:
1) ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы-тарифтік ставканың 10 % ; 2). Дизенфекциялау құралдарымен жұмыс істегені үшін қосымша ақы-БЛА-дан 30 % . 3) ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалары бар ұйымдарда – БЛА-дан 40 % мөлшерде қосымша ақы; 4) жетім балаларға арналған ұйымдарда — БЛА-дан 30 % мөлшерде қосымша ақы.
|
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті. |
Жалақыдан ұстаулар | Қызмет көрсету аймағын кеңейту | Егер тәбиеші көмекшісі жұмыс істесе | Тәрбиеші көмекшісінің жұмыс уақыты және демалыс күндері |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.
|
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес тәрбиешінің көмекшісі қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы; Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – тәрбиеші көмекшісі, қосымша лауазымы – тәрбиеші көмекшісі. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы лауазымдық ақыдан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
|
1. Түнгі ауысымда – әрбір сағатына жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.
2. Мереке және демалыс күндерінде – әр жұмыс істеген сағаты үшін жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде төлем жүргізіледі;
|
1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жергілікті кәсіподақ мүшелері-тәрбиеші көмекшісі үшін апталық жұмыс уақыты-аптасына 40 сағатты құрайды;
2. Негізгі еңбек демалысы күндерінің саны-30 күнтізбелік күн; 3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны: -3 күнтізбелік күн, егер қызметкер оқу жылы ішінде бір рет те еңбекке жарамсыздық парағы болмаса; -3 күнтізбелік күн егер тәрбиешінің көмекшісі Санитарлық ережелерде көрсетілгеннен толымдығы жоғары топта жұмыс істеген жағдайда. 4. Келісімге сәйкес демалыстың басқа түрлері. |