Таныс болыңыздар: Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы

Әулиекөл мектеп-гимназиясы – Қостанай облысының ең көне  және прогрессивті білім беру ұйымдарының бірі.

Дәстүрлер мен инновациялар мектебі… Мектеп ұжымы ондаған жылдар бойы дәстүрлерді мұқият сақтап қана қоймай, сонымен қатар жаңа дәстүрлерді ортаға шығарады, соның ішінде кәсіподақ өміріне де жаңалықтар әкеледі.

Мысалы, жаңадан келген мамандар үшін «бастауыш кәсіподақ ұйымына кіру» салтанатты рәсімі өткізіледі, бұл алғашқы минуттан бастап кәсіподақ жұмысының маңыздылығын  көрсетеді.

Айта кету керек, мектептің барлық 108 қызметкері кәсіподақ мүшелігімен қамтылған. Ең бастысы – олардың әрқайсысы кәсіподақтың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді.

Қайырымдылық көмек көрсету, көп балалы қызметкерлердің отбасыларына қамқорлық көрсету, ұжымның әрбір мүшесін санаторлық-курорттық емдеу арқылы сауықтыру, туристік және спорттық жарыстар ұйымдастыру – осы және басқа да мәселелер – бастауыш кәсіподақ ұйымы мен төрайым Татьяна Кокориннің  күн тәртібінде.

Кәсіподақтың ерекше бақылауында – еңбек қауіпсіздігі. Айта кетер болсақ, 2020 жылғы байқау қорытындысы бойынша С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының техникалық инспекторы Сағит Ақанов үздік техникалық инспектор атанды. Сондай-ақ, тұрғын үй мәселесі, бұл ретте «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға несие алу үшін кәсіподақ комитеті мүмкіндігінше қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда бұл мәселе 19 педагогтың пайдасына шешілді.

Еңбек ардагерлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Ардагерлерге атаулы көмек көрсету үшін кәсіподақ белсенділерінің күшімен еріктілер жасағы құрылды. Мысалы, қыс мезгілінде үй маңындағы аумақтарды қардан тазалау бойынша «Ардагерге көмектес!» атты акциясы тұрақты негізде жүргізіледі.

Бірақ көп жағдайда осындай қажетті атаулы істердің арқасында кәсіподақтың имиджі қалыптастырылады.

Әрине, кәсіподақтың жемісті жұмысының кепілі сенімді әлеуметтік әріптестік болып табылады. Осыған орай, мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының сәті түсті десек болады: директор Салтанат Мақсютова кәсіподақтың барлық бастамаларын қолдайды және көптеген жобаларға бастамашылық етеді.

Жұмыстың келісімділігі, ортақ мүдделілігі, командалық рухы, мұндай үйлесімділік мектептің тиімді дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Және де  2020 жылы Әулиекөл мектеп-гимназиясының облыстық байқауда Үздік орта білім беретін ұйым атағын жеңіп алуы толықтай негізделген.

Мектеп ұжымына жаңа еңбек шыңдарын, кәсіподақ активитеріне жемісті еңбек тілейміз!