Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (вожатый) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Вожатыйдың лауазымдық жалақысы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Вожатыйдың лауазымдық ақысы
— біліктілікке (білім деңгейіне- жоғары немесе орта кәсіби); -еңбек өтіліне байланысты. 2. Вожатыйдың жалақысы бірнеше бөліктен, атап айтқанда лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арттырулардан, қосымшалардан және үстемақылардан (біліктілік санаты үшін, ерекше жұмыс жағдайлары және т.б. үшін қшсымша ақы) тұрады.
|
1. Вожатыйдың бір айдағы жалақысы коэффицентті базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және арттыру коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі және:
1) Біліктілік санаты үшін қосымша ақы 2) Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы 3) Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін 4) Жетім балалармен жұмыс үшін қосымша ақы (жетім балаларға арналған ұйымдарда)
|
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
Жалақыдан ұстаулар
|
Қоса атқарылатын жұмыс | Вожатыйдың жұмыс уақыты | Демалыс күндерінің саны |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
Вожатый негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасумен қоса атқарылатын жұмысты істей алады
|
1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жергілікті кәсіподақ мүшелері-вожатый үшін апталық жұмыс уақыты- аптасына 16 сағат*/36 сағатты құрайды**;
* — 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім шеңберінде толық емес жұмыс уақыты бар қызметкерлер үшін; * — 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім шеңберінде толық емес жұмыс уақытына ауыспаған қызметкерлер үшін және жаңадан қабылданған жұмыскерлер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап; Ұжымдық шарпен аптасына аз жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.
|
Негізгі еңбек демалысы күндерінің саны-56 күнтізбелік күн;
3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны-3 күнтізбелік күн, егер қызметкерде оқу жылы ішінде бір рет те еңбекке жарамсыздық парағы болмаса; 4. Келісімге сәйкес демалыстың басқа түрлері. |