Келісу комиссиясы. Еңбек заңнамасының негіздері.
(«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Суворова; байланыс телефоны: 54-10-44, 87051710177)
5 тақырып. Жұмыс уақыты бойынша еңбек даулары
- Мүгедек қызметкердің жұмыс уақытының ұзақтығы:
ҚР ЕК 69 б. 3,4 т сәйкес бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауы тиіс.
Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Екінші топтың мүгедек қызметкеріне жұмыс берушімен күндерге мынадай жұмыс тәртібі белгілеген:
Дүйсенді – 6 сағат;
Сейсенбі – 8 сағат;
Сәрсенбі – 7 сағат;
Бейсенбі – 6 сағат;
Жұма – 8 сағат;
Жұмыскер келіспейді.
- Жұмыс аптасының ұзақтығы
ҚР ЕК 71 б. 3т. келісті жұмыс беруші еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарына немесе жұмыс берушінің актісіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді.
- Жұмыс уақытының жиынтық есебі
Жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;
ҚР ЕК 75 бабын негізге ала отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебі жұмыс жағдайлары бойынша жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.
Білім беру ұйымдарында мұндай лауазымдардың мысалдары:
- Балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарындағы мейірбике;
- Күзетші
- Балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарындағы тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілері;
- Жатақхана бойынша кезекші.
- Үстеме жұмысқа тарту
Үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана, ҚР
ЕК-нің 77-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол беріледі.
Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда үстеме жұмысқа тартуға болады:
егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін.
Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Мектепке дейінгі топтағы балабақша тәрбиешісі сырқаттануына байланысты жұмысқа шықпады. Басқа тәрбиешілер оның орнында жұмыс істегісі келмеді. Жұмыс беруші сонда да қызметкерді үстеме жұмысқа тарту туралы бұйрық шығарды.
- Педагогтардың жұмыс уақыты
Педагогтардың жұмыс уақыты ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңымен және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» және «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің 7.1. т. белгіленген, оған сәйкес апта сайынғы нормативтік жүктеме келесіні құрайды:
24 сағат
– мектепке дейінгі ұйымдарға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектеп алды топтарына, білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптарына;
– балалар жасөспірімдерінің спорттық білім беру ұйымдары үшін.
- сағат
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;
- білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
- мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін.
- сағат (2021 жылғы 1 қыркүйектен)
- орта білім беру ұйымдары үшін.
- сағат
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханалары, демалыс лагерлері, интернат ұйымдарының тәрбиешілері үшін;
25 сағат– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының және арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиешілері үшін.
Мемлекеттік ұйымдардың педагогтарына жалақы есептеу ережесі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген.
Педагог лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген.
Педагогтар лауазымының тізбесі: 1. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері, білім беру ұйымдарының оқытушылары; 2. Мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының, мамандандырылған білім беру ұйымының, арнайы білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымның, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының, оқу (ғылыми)-әдістемелік (әдістемелік) орталықтардың (кабинеттердің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтардың, қосымша білім беру (орталық, кешен), біліктілікті арттыру институттарының (филиалдары) басшылары (басшы, директор, меңгеруші); 3. Алғашқы әскери және технолгиялық дайындық оқытушы- ұйымдастырушысы (білім беру мекемесінде әскери жетекші, техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының алғашқы әскери оқытушы-ұйымдастырушысы); 4. Құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің, бөлімшенің) жетекшісі (меңгеруші, басшы); 5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, ғылыми, оқыту, ғылыми-практикалық (орталық), оқу өндірістік, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, оқу-сауықтыру жұмысы және қосымша білім беру (орталықтың, кешеннің), тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша, инновациялық білім (технологиялар) бойынша, бейінді оқыту бойынша, кәсіптік оқыту бойынша, оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша басшының орынбасары; 6. Интернат, зертхана, білім беру ұйымы кабинетінің, білім беру ұйымдарындағы бөлімше, оқу-өндірістік, оқу әдістемелік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын; жаппай ұйымдастыру жұмысының, ғылыми-зерттеу жұмысының, оқу бөлімінің, секторының, білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі; 7. Әлеуметтік педагог; 8. Қосымша білім беру педагогы; 9. Педагог-психолог, психолог; 10. Арнайы білім беру педагогі (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог); 11. Педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі; 12. Тәрбиеші: аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), жатақхана тәрбиешісі; ана-тәрбиеші; 13. Оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-аға оқытушы; тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы; 14. Аға вожатый, вожатый; 15. Аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарында сурдоаудармашы); 16. Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарындағы); 17. Нұсқаушы: еңбек бойынша (білім беру ұйымдарында); дене тәрбиесі бойынша, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында тікелей оқу-тәрбие қызметімен айналысатын; дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері, жүзу-әдіскер нұсқаушысы, туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер; 18. Аға шебер, өндірістік оқыту шебері; шебер-өндірістік оқытудың оқытушысы; 19. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымы; техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтың, арнайы білім беру ұйымының әдіскері (аға әдіскер); 20. Музыкалық жетекші, аккомпаниатор, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын хореограф, концертмейстер, көркемдік жетекшісі.
Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Колледж педагог-психологтың жұмыс уақытының ұзақтығы – аптасына 36 сағат деп белгіленген. Мұғалім «Педагогтің мәртебесі туралы» Заңға сілтеме жасай отырып, келіспейді
|
Еңбек дауын тудыруы мүмкін жағдайға мысал: Мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне аптасына 40 сағат жұмыс істеу белгіленген. Әдіскер «Педагогтің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтеме жасай отырып, келіспейді.