«Менің әдемі «кереметім»

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің 2

020 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 8 хаттамасымен бекітілген

 

 

«Менің әдемі «кереметім» облыстық фотоконкурсының

 ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережесі.

         1.1.Осы ереже «Менің әдемі  «кереметім» облыстық фотоконкурстың (бұдан әрі-Конкурс) өту тәртібі мен шарттарын  белгілейді.

        1.2.  Конкурстың ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінң жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі-Кәсіподақ)

1.3. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша үйлестіру жұмысын Кәсіподақтың ұйымдастыру бөлімі іске асырады: өтінімдер,  конкурс материалдарын қабылдау, конкурс қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру, марапаттау құжаттарын рәсімдеу.

       1.4.  Конкурс қорытындысы Кәсіподақ комитетінің отырысында жүргізіледі,  ресми сайттарда, БАҚ, әлеуметтік желілерде жарияланады.

       1.5.  Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ұйымдастыру бөліміне 87142543504 телефоны арқылы немесе lprofedu@mail.ru. электрондық поштасына хабарласуға болады.

I.Фотоконкурс мақсаты:

– кәсіподақ мүшелерінің назарын отбасылық құндылыққа аудару;   

–  баланың отбасында эмоционалдық-имандылық салауаттылыққа назарын аудару;

–  кәсіподақ мүшелерінің шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін дамыту

– кәсіподақ мүшелері арасында фотосуреттер және фото өнер саласынан таланттарды анықтау;

– қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауын дамыту. 

II.Конкурсты өткізу шарты:

2.1. Конкурс мына номинациялар бойынша жүргізіледі:

  1. Ынтымақты отбасы.
  2. «Алғашқы қадамдар»;
  3. «Кокетка»;
  4. «Күн, ауа және су – біздің жақын досымыз»;
  5. 5. Әуесқой әлемінде.
  6. Мен өмір сүріп жатқан әлем.
  7. «Көңілді»;
  8. Мектеп жылдары керемет .
  9. Өмірде спортпен.                                                                                                                                                                                                                                       2.2.  Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалу критерийлері:

– эстетикалық орындалуы;

– техникалық сапасы;

– цифрлық өңдеу сапасы;

– композицияның сонылығы, жарық пен көлеңке үйлесімдігі

2.3. филиалдар мен өкілдіктерден ұсынылған жұмыстар саны 5 фотосуреттен артық емес.

2.4. фотосуреттер 2021 жылғы 15 мамырға дейін дискілерде, flash жинақтауыштарда, JPG, BMP  форматында,  10 МБ артық емес, RGB  түсті моделі, фотосуреттер көлемі А-3 немесе А-4, 300 РХ  ажыратылымдығымен тапсырылуы керек.

2.5. Зорлық-зомбылық, нәсілдік, ұлттық, діни немесе әлеуметтік төзбеушілік элементтерін қамититын жұмыстар «Менің тамаша «кереметім» фотоконкурсына қабылданбайды.

2.6. сапасы және ажыратылымдығы төмен фотосуреттер байқауға жіберілмейді.

2.7. Жұмыстар мына ақпараттармен қамтылуы қажет:

– жұмыс атауы;

– қатысушының аты-жөні;

– жұмыс орны;

– байланыс телефоны, электрондық мекенжайы.

2.8. Фотоконкурсқа қатыса отырып авторлар өз жұмыстарын баспа материалдарын ресімдеуге автоматты түрде құқық береді (плакттар, буклеттер, баспа шығарылымдары және т.б.).  Конкурсқа қабылданған жұмыстар қайтарылмайды.

 

        III. «Менің әдемі «кереметім» фотоконкурсының қорытындысын жүргізу.

3.1. Конкурс қорытындысы 2021 жылғы 20 мамырдан кешіктірілмей бекітіледі және Кәсіподақтың ресми сайтында жарияланады.

3.2. Конкурс жеңімпаздары конкурс комиссиясының шешімі негізінде Кәсіподақ грамоталарымен  және ақшалай сыйлықпен марапатталады, оның мөлшерін алған орнына байланысты Кәсподақ белгілейді.